Қызылорда облысы Жалағаш ауданында «Бұрымды бойжеткен» байқауы өтті. Шараның мақсаты – қыз балалардың эстетикалық талғамын дамытып, шаш күтіміне байланысты ұлттық салт-дәстүр мәдениетін жаңғырту дейді ұйымдастырушылар. Бұрымды қыздар байқауына аудандағы мектептердің 8-11 сынып оқушылары қатысты. 6 наурыз 2015 жыл.
Бұрымды қыздар сайысы
1
Жалағаш ауданында алғаш рет ұйымдастырылған байқауға 8-11 сыныптарда оқитын 15 қыз қатысты.
2
Сайысқа қатысушы қыздар көпшілік алдына қазақтың ұлттық киімдерін киіп шықты.
3
Байқау ережесі бойынша, оған қатысушы қыздың ұзын етіп өсірген табиғи шашы болуы шарт.
4
"Бұрымды бойжеткен" байқауына сынға түскен құрбыларына жанкүйер болып қолдау үшін келген оқушы балалар.
5
«Бұрымды бойжеткен» байқауына қатысушы оқушы қыздар.
6
Байқауға қатысушыларға мектеп ұстаздарынан құралған қазылар алқасы баға берді.
7
«Бұрымды бойжеткен» байқауына қатысушы мектеп оқушылары.
8
Байқауға қатысқандар шаш күтімі, шашқа қатысты ұлттық салт-дәстүр және шашқа тағатын әшекей бұйымдар туралы қойылған сұрақтарға жауап берді.
9
«Бұрымды бойжеткен» байқауына қатысушылар мен көрермендер.
10
8-сынып оқушысы Арайлым Әшірбекқызы «Бұрымды бойжеткен» байқауының бас жүлдегері атанды.
11
«Бұрымды бойжеткен» байқауында бірінші орын 9-сынып оқушысы Манзура Алтынбекқызына берілді.
14
«Бұрымды бойжеткен» байқауынан көрініс.