Мира Мүсәпірова жұбайы және кәмелетке толмаған төрт баласымен Алматыда біреудің ескі үйінің бір бөлмесінде тұрады. Ауылда туып-өскен ерлі-зайыптылар «жағдайымыз түзелер» деген үмітпен Алматыға көшіп келген. Бірақ, толассыз қымбаттаған баға мен дүркін-дүркін дағдарыстың кесірінен жиырма жылдан бері не тұрақты жұмыс таппай, не өз баспанасына қол жеткізе алмай жүргендерін айтады.
Мира Мүсәпірованың отбасы
1
Мира Мүсәпірова күйеуі және төрт баласымен бірге осы бөлмеде тұрып жатыр.
2
Аядай бір бөлмеде балалар тамақ ішеді, сабаққа дайындалады, ұйықтайды және ойнайды.
3
Мира Мүсәпірова ас әзірлеп жатыр.
4
Мира балалары Өркен және Ақнұрмен.
5
Ақнұр - Мираның отбасындағы балалардың ортаншысы.
6
Өркен - отбасының сүт кенжесі.
7
Балалар анасы әзірлеген асты ішуге үстел басына жиналды.
8
Аядай жалғыз бөлмеде жеке асүй жоқ, сондықтан Мира ыдыс-аяқты өздері жуынатын бөлмеде жуады.
9
Ақнұр мен Өркен тәтті жеп отыр.
10
Мира Мүсәпірова кенжесі Өркенмен.
11
Мираның балаларымен бірге ойнауға көрші тұратын бала келді.