Астанада ашылған Art Fest 2016 өнер фестивалі адам энергиясы тақырыбына арналды. Кей суретшілер әлдебір туындылары цензураға ілігіп, басқасына ауыстыруға мәжбүр болғандарын да айтады.
Адам энергиясы жайлы көрме
1
Суретші Айнұр Сәденова көрмені перформансымен ашты.
2
Бірнеше киім ауыстырған суретші осылайша адам ресурсына назар аудартқысы келгенін айтады.
3
"Абай күні" мультимедиялық жобасы.
4
Суретші Алмагүл Меңлібаева әр адамның үніне құлақ асу керек деп біледі.
5
Суретші Асхат Ахмедьяров қазандардан жасаған инсталляция.
6
Асхат Ахмедьяров көрмедегі жұмыстардың бәрі бейсаяси екенін айтады.
7
Ақтөбелік стрит-арт суретшілер Анастасия Лопатина мен Денис Брянцев Джовани Франческо Барбьеридің "Атлас" картинасы желісімен сурет салды.
8
Суретші Сәуле Сүлейменованың "Жиынтық нүктесі" инсталляциясы.
9
Нұрбол Нұрахметтің "Соңғы көш" инсталляциясы.
10
Кей суретшілер мұнай туралы туындылары цензураға ілігіп, ақыры "абстрактілі реализмге" өткендерін айтады. (Бұл туындыға қатысы жоқ).
11
Туындылардың көбі болашақ энергиясы мен ЭКСПО-2017 көрмесіне сілтейді.
12
Astana Art Fest 2016 ұйымдастырушылары қатысушылардың кейбірін конкурс арқылы таңдағандарын, кейбірін жеке шақырғандарын айтады.