Наурыз мейрамы қарсаңында Алматыдағы орталық мемлекеттік мұражайда ашылған «Сырлы аяқтың сыны кетпес» атты көрмеге қазақтың дәстүрлі ыдыс-аяқтары қойылған.
Сырлы аяқтың сыны
1
Дәстүрлі ыдыс-аяқтардағы әшекейлердің жай ғана әсемдік үшін емес, ыдыс ішіндегі ас-тағамды «тіл-көзден», «дуа-сиқырдан» сақтап, оларды «таза» ұстайтын ерекше күші бар деп саналған.
2
Көрмедегі қазақ дәстүрлі ыдыс-аяқтарын қарап тұрған әйел.
3
Су қайнатуға арналған ыдыс.
4
Қазақ дәстүрлі ыдыс-аяқтарына арналған көрмеде кітапқа үңіліп тұрған адам.
5
Қазақ дәстүрлі ыдыс-аяқтарына арналған «Сырлы аяқтың сыны кетпес» атты көрмеге Алматының мемлекеттік орталық музейі қорында сақтаулы тұрған жүзге жуық зат қойылған.
6
20-ғасырда жасалған қазан.
7
Қазақ дәстүрлі ыдыс-аяқтарына арналған «Сырлы аяқтың сыны кетпес» көрмесіне қойылған заттармен танысуға келген қонақтар.
8
Қымыз ішуге арналған ыдыс-аяқ.