Қазақстанның темір жол бекеттерінде қысқа уақытқа аялдаған поез жолаушыларына жеміс-жидек, көкөніс, үйден дайындалған тағам мен сусын сатып, күнделікті өміріне нәпақа тауып жүргендер үнемі жолығады. Түлкібас, Шу, Сарышаған станцияларындағы осындай саудагерлер туралы Азаттық фотогалереясы. 19 шілде 2016 жыл.
Темір жолдағы сауда
1
«Қызылорда-Көкшетау» бағытындағы поезға Түлкібас станциясынан отырып жатқан жолаушылар. Оңтүстік Қазақстан облысы. 19 шілде 2016 жыл.
2
Түлкібас темір жол бекетіне тоқтаған поез жолаушыларына алма сатып алуды ұсынып тұрған саудагерлер.
3
Түлкібас темір жол бекетінде тағам сатып тұрған әйел.
4
Түлкібас темір жол бекетіндегі тамақ, сусын мен газет-журнал сатушылар.
5
Темір жол бекетіндегі саудагерлер қысқа уақытқа тоқтаған поез жолаушыларына ас, сусын сатып қалуға тырысады.
6
Шу темір жол станциясында.
7
Шу темір жол станциясына тоқтаған поез жолаушылары осындағы саудагерлерден тағам сатып алып тұр.
8
Шу темір жол станциясында қоларбамен қауын-қарбыз сатып жүрген жігіт.
9
Жолаушылар саудагерден әңгелек сатып алып жатыр.
10
Шу темір жол станциясында домбыра сатып тұрған әйел.
11
Сарышаған темір жол станциясындағы жолаушылар мен саудагерлер. Қарағанды облысы, 19 шілде 2016 жыл.