Асар ықшам ауданында оннан аса киіз үй тігіліп, ас таратылды. Жастар алтыбақан тепті. Аудан тұрғындары мен сонда орналасқан мемлекеттік мекемелер қазақтың салт-дәстүрін көрсетуден сайысқа түсті.
Оралмандар Наурызы
27 наурыз күні Шымкенттегі Өзбекстаннан көшіп келген оралмандар Наурызды тойлады. Мерекеге мыңдаған адам қатысты.
1
Асар ықшам ауданында тұратын оралмандар жыл сайын Наурыз мерекесін атап өтуді дәстүрге айналдырған. Биылғы той 27 наурыз күні өтті. Шымкент, 2016 жыл.
2
Тойға оннан аса киіз үй тігілді. Үйдің алдынан ары-бері өткен, кіріп-шыққан әрбір адамға есік алдында тұрған келіншектер наурыз көже ұсынып, дәм татқызды.
3
Үлкендерге қызмет етуге келген қыз-келіншектер.
4
Наурыз көженің дәмін көріп тұрған ақсақал.
5
Әр киіз үйдің артында аспаздар 50-60 килограмм күріш басып, палау пісірді.
6
Әртүрлі әдіспен дайындалған наурыз көжелер.
7
Мерекеге тігілген киіз үйдің бірі.
8
Немересімен бірге Наурыз тойына келген кимешекті әже.
9
Жаңа сырмақты тігіп біткен аналар.
10
Кілем тоқудың ежелгі дәстүрі де көрсетілді.
11
Жастар алтыбақан тепті.
12
Тәй-тәй басқан бұл баланың тұсауы бүгін кесілді.
13
Киіз үйдің алдында әжелер бірлесіп нәрестені бесікке салу дәстүрін көрсетті.