Accessibility links

Қарақалпақ белсендісі Ақылбек Мұратбай Қазақстаннан кетті


Akylbek Muratbai talks to Currenttime.tv teaser
Akylbek Muratbai talks to Currenttime.tv teaser

Қарақалпақ белсендісі Ақылбек Мұратбай Қазақстаннан кетті. Бұл жөнінде Адам құқығын қорғау бюросы хабарлады. Оны Батыс елдерінің бірі қабылдаған.

"6 қарашаға қараған түні Ақылбек өзі он жылдан астам уақыт тұрған елден кетті. 10 қарашаға дейін елден кетпегенде оған Өзбекстанға экстрадициялану қаупі төнген болар еді. Онда оған "конституциялық құрылымға нұқсан келтіру" бойынша айып тағылған" деп жазылған Адам құқығын қорғау бюросының сайтында.

Ақпаратқа қарағанда, оның елден қауіпсіз кетуіне Адам құқығын қорғау бюросы көмектескен.

Ақылбек Мұратов – Өзбекстан азаматы, Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт тұрған. Ол 2022 жылы шілдеде Нөкістегі наразылықты үкімет күштері басып-жаншығаннан кейін қарақалпақтар өз Отанында қуғын-сүргінге ұшырағанын Х әлеуметтік желісінде үнемі жазып жүрді. Өзбекстан билігі ресми Астана арқылы Қазақстандағы қарақалпақтарды да қудалай бастаған кезде Мұратбай да бір жыл экстрадициялық қамауда отырып шыққан.

Жуырда Қазақстан билігі оның босқын мәртебесін беру туралы өтініш орындаудан түпкілікті түрде бас тартқан еді. Бұған дейін белсенді көптеген елдердің антимиграциялық саясатына қарсы өзге елге кету мәселесі сәтті жылжымай жатқанын хабарлаған еді.

Қазақстан билігі босқын мәртебесін сұраған қарақалпақтардың көбінің өтінішін орындамады.

XS
SM
MD
LG