Түркияның Анталия қаласына жылына үш миллиондай ресейлік турист барады. Алайда қазір Анкара мен Мәскеудің араздығы туристер қаласына зиянын тигізіп тұр.
Ресейлік туристерсіз қаңыраған Анталия
1
Анталиядағы Кремль Palace қонақүйі ресейлік туристер ең көп келетін орындардың бірі болатын
2
Желтоқсанның басында Кремль Palace жағажайы бос жатыр. Әдетте бұл жерден ресейлік туристер үзілмейтін.
3
Анталиядағы үлкен орыс матрешкалары.
4
Бес жұлдызды Delphin Palace отелін бұрын ресейлік туристер басып жататын.
5
Ресей туристері жиі келетін сувенир дүкенінде де қазір кісі аяғы саябырсыған.
6
Анталиядағы Ольбия отелінің қожайыны Ахмет Хамди Қарагөз Ресеймен арада болған визасыз режим мен ұшақпен келу уақытының екі сағаттан аспауы қаланы туристер орталығына айналдырғанын айтады.
7
Ольбия отелінің рестораны желтоқсаннан бастап бос тұр.
8
Көбінесе ресейлік туристерге қызмет көрсететін Анталиядағы Mudemo tur туристік агенттігінің қызметкерлері жұмыстарының тоқтап тұрғанын айтады.
9
Кезінде саудасы қайнап жататын Анталиядағы ішіктер мен былғары дүкені.
10
Анталиядағы Sea Life спа-отелі де ресейлік туристер көп келетін орын еді. Қазір мұндағы қонақтардың дені - Еуропа елдерінен келген туристер.
11
Mamma Ruski рестораны Анталияда тұратын орыстар мен Ресейден келетін туристерге қызмет көрсететін орталық іспетті болатын.
12
Анталия жағалауында 300-ден астам бес жұлдызды отель бар.
13
Анталия жағалауы қыс айларында да туристерге толы болатын. Мұндағы температура желтоқсанда 20 градус жылы болып тұрады.