Жапонияда соңғы күндері болған қатты нөсерден жүздеген адам қаза тапты. Мыңдаған адам баспанасыз қалған. Нөсерден Окаяма, Хиросима, Ямагути аймақтары зардап шеккен. Суреттер 9-11 шілде аралығында түсірілген.
Жапониядағы нөсер мен тасқын
1
Ресми дерек бойынша, апаттан 179 адам қаза тапқан. 70-ге жуық адам іс-түссіз жоғалған. Суретте құтқарушылар Кумано қаласында қираған үйдің астында қалған адамдарды құтқарып жатыр.
2
Апаттан жүзден астам адам ауруханаға түскен.
3
Қатты нөсер әсерінен көшкін жүріп, өзен арнасынан шыққан. Төңіректі басқан судан қайда барарын білмей абдыраған жұрттың көбі үйдің шатырына шығуға мәжбүр болған.
4
Жапонияның батысында шілде айындағы әдеттегі мөлшерінен үш есе артық жауған жаңбыр салдарынан жарты миллионға жетер-жетпес тұрғыны бар Курасики қаласы қатты зардап шеккен.
5
Бұл - Жапонияда 1982 жылдан бері болған қатты нөсер.
6
Тасқыннан зардап шеккен Окаяма аймағы.
7
270 мыңнан астам үй сусыз және жарықсыз қалған.
8
Апат аймағынан миллиондаған адам эвакуацияланды.
9
Окаяма аймағындағы уақытша паналау орталығына Жапония премьер-министрі Синдзо Абе келді.
10
Абе апаттан зардап шеккен адамдарды жұбатып отыр.